Усть-Каменогорск
малооблачно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +5°
  • Актобе
    +7°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +4°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
450.07
-1.20
488.51
-0.62
¥
62.35
-0.34
4.86
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мамандар сұлулық сырларын ашады

Жаңа 2018 жылды да дүркіретіп қарсы алып, барлық дүрбелең артта қалды. Мерекелік кештер мен ұзаққа созылған жаңажылдық демалыстан кейін өз-өзімізді қолға алып, сырт келбетімізді де қалыпқа келтірер кез келді. Жаңа жыл мерекесіне орай талай түрленіп, түрлі химиялық әрекеттерге ұшыраған шаштарымызды емдемеске болмайды. Тіптен, Жаңа жылда жаңа образ бен стиль қалыптастыру да артықтық етпейді

Жаңа 2018 жылды да дүркіретіп қарсы алып, барлық дүрбелең артта қалды. Мерекелік кештер мен ұзаққа созылған жаңажылдық демалыстан кейін өз-өзімізді қолға алып, сырт келбетімізді де қалыпқа келтірер кез келді. Жаңа жыл мерекесіне орай талай түрленіп, түрлі химиялық әрекеттерге ұшыраған шаштарымызды емдемеске болмайды. Тіптен, Жаңа жылда жаңа образ бен стиль қалыптастыру да артықтық етпейді.


Түбегейлі өзгергіңіз келе ме?

2018 жыл дүйсенбіден басталды. Бұл өзгерістерді жақсы көретін жандар үшін таптырмас мүмкіндік. Сондықтан да шаш үлгіңізді өзгертіп көріңіз. Мәселен, егер шаштарыңыз бұйра толқынды болса, оларды түзетіп көруге болады.

- Өзімнің шаштарым толқынды. Әпкем Ресейден шашты түзету үрдісін үйреніп келіп, менің шаштарымды түзетіп көрген еді. Өте ұнап, мен де Мәскеуден оқып келдім, - дейді 3 жылдық жұмыс тәжірибесі бар шашты кератинді түзету бойынша шебер-технолог Татьяна Серова.

Кератинді түзету - бұл ем емес. Бұл үрдіс шашты түзу, жұмсақ әрі әдемі ете түседі. Егер шаштарыңыз қатты зақымданған болса, кератин тек шашты одан сайын зақымдайды. Үрдістің өзі сәтті өткенімен, артынша құрамы жуылған уақытта шашыңыз сынып, оны қиюға мәжбүр боласыз. Егер шаштарыңыздың күтімі жақсы болатын болса, кератин шашыңызға ешқандай зақым тигізбейді. Үрдіс әсері үштен бес жылға дейін сақталады. Ал негізінен кератиннің өзін толық жуып кетіру үшін тоғыз айдай уақыт қажет.

- Шаштары зақымданған аруларға ботокс үрдісін ұсынамын, - дейді шебер. - Бұл шашты нәрлендіретін үрдіс. Ол шаш арасына терең еніп, әдемі, күтілген түрді қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда түзетілген әсер беретін ботокс та бар.

Маманның айтуынша, негізінен үрдістен кейінгі шаш күтімі үлкен маңызға ие. Ботокстан кейін шашты жуу кезінде оның құрамын толық жуып тастамау үшін сульфатсыз сусабын қолданған дұрыс. Сауна мен хауызға арнайы баскиіммен бару керек. Сонымен қатар, аммиаксыз бояуларды қолданып, теңіз суының кері әсері бар екенін де естен шығармаған дұрыс.

Ботокс үй жағдайында бір тәуліктен кейін жуылады, ал кератинді тек шебер жуады. Кератиннен соң шашты екі аптадан кейін ғана боятуға болады, ал ботокстан соң үш күннен кейін де боятуға болады. Бірақ шашыңызды үрдістің алдында боятып алған абзал.

Көпшілік кератиннің бірнеше сеансынан кейін шаш шектен тыс бұйра болып кетеді деген жаңсақ пікірге құлақ асады. Негізінен, үрдістен кейін шаш керісінше өте жұмсақ, күтілген болып, біз оның бұрын қандай болғандығын да ұмытып жатамыз.

Ал егер түбегейлі өзгеруге жүрексінсеңіз, жай ғана шаш түсін өзгертуге болады. Қыстың ұзаққа созылған бас мерекесінен кейін шашқа көлем мен жылтыр бере отырып «тірілту» керек. Ол үшін дұрыс күтім қажет.

- Әр адамның шашының құрамы әр түрлі. Тіпті, егіздерде де шаштың ішкі құрамы да, сыртқы құрамы да әр түрлі, - дейді 20 жылдық тәжірибесі бар әмбебап шебер Елена Егорова. - Әр түрлі технологияны қолдана отырып, өз формуламды қалыптастырамын. Яғни, шаш түсі үш ай немесе одан да көп уақытқа сақталады. Бастысы - шебер берген ұсыныстардың барлығын сақтау. Шаш тамырын бояу барысында шаштың өз түсіне жақын реңкті таңдаймын. Сонда шаш өскен уақытта да айырмашылық аса байқала қоймайды. Тіпті, шашыңызды ақ шалса да, бұл шешілмейтін мәселе емес. Бұндай жағдайда ақ дақтарды қолдануға болады, онда да бояу үш айға шыдайды. Бұл сәнді әрі әдемі.

Бояту сәніне келетін болсақ, сән - кербез бойжеткен тәрізді даралықты сүйеді. Сондықтан да қазір сәнді емес болу сәнді. Шынайылық әдемі етіп көрсетеді. Сол үшін де қыздардың көбі өз шаштарының түсін қайтаруды армандайды. Бірақ оны қалыпқа келтіруге болмайтындығына дайын болу керек.

- Шаштарыңыз толқынды болса, шашты шаюға кеңес бермес едім. Өйткені ол да химиялық құрал. Қою түстен арылудың басқа жолын ұсынамын - жарықтандырғыш далап және төмен пайызды оксидант. Егер шашыңыз жақсы қалыпта болса, шаш түсін шаю арқылы да кетіруге болады. Бірақ ол кезде шаштың жартысы қиылып қалатындығына дайын болыңыз. Толқынды, бұйра әрі жұқа шашты қыздар көбінесе сатылы шаш үлгісі жарамайтынын түсінбей жатады. Сондықтан да әр адамға өзі қалаған шаш үлгісі жараса кетпейтіндігін түсіндіруге тырысамыз.

Шебер шаш әдемі көрінуі үшін, ең аз дегенде, жақсы сусабын мен бальзам қолдану керектігін айтады. Егер қымбат сусабын мен бальзамға қолыңыз жетпесе, тек жақсы әрі сапалы болуын қадағалаңыз. Бальзамды міндетті түрде қолданыңыз. Шаштың сыртқы қабаты қабыршақтардан тұрады. Шашыңызды сусабынмен жуу кезінде ол қабыршақтар ашылады, ал бальзам қабыршақтарды қайта жабады.


Қол күтімі басты назарда

Жаңажылдық дастархан жаю, үйді тазарту, тағысын тағы тірліктер біткеннен кейін тырнағымыздың әрі кеткенін байқаймыз. Тырнақты дереу сәндеу керек. Шеберлердің айтуынша, әдемі емес қолдар болмайды және әр бойжеткен ерекше маникюрімен мақтануға лайық.

- Газет оқырмандарына берер кеңесім: артынан көршім маникюр жасап беріп еді, сынып жатыр деп тырнақ тістеп қалмайтындай, тырнақ әрлеу шеберін мұқият таңдаңыз, - дейді тырнақ әрлеу шебері Анна Шаркева. - Өз ісінің мамандарына сеніп тапсырған дұрыс. Өйткені көп нәрсе материалға тәуелді.

Қыстың қытымыр мінезі көңілімізге қаяу салғанда, жарқын дүниелермен өмірімізді сәндендіргіміз келеді. Мәселен, тырнағымызды жылтырмен көмкеру сынды. Жылтыр тастар осы мезгілде өте сәнді. Қолғап үшін көлемді жылтыр тасты маникюр жасатудан қорқудың қажеті жоқ.

Маникюр жасатудағы ең маңыздысы – тырнақ формасы. Қысқа саусақтарды ұзартып көрсету үшін сопақ, пайп («түтікше»), миндаль пішінді тырнақ формасын таңдау керек. Егер қысқа тырнаққа шаршы формасын берсе, саусақтар одан да қысқа болып көрініп қалады. Негізі шебер әр саусаққа қандай тырнақ көлемі жарасатынын анықтап береді. Тырнақты үнемі гель-лакпен бояу және тегістеуден кейін тырнақ өзі бір қалыпқа келеді.


Уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдеңіз

Жаңа жыл артта қалғанымен, алда әлі Рождество, Ескі жаңа жыл әрі әр аптаның соңғы жұмыс күні сынды талай мерекелер күтуде. Сондықтан да әр кез әдемі қалыптан айнымау керек. Мамандар тәуліктің кез келген уақытында әдемі келбетті сақтаудың тиімді әдісін ұсынады. Ол - кірпік ұзарту.

- Жасанды кірпіктер ұзақ уақыт сақталуы үшін бойжеткеннің бет терісінің типі маңызды рөл атқарады, - дейді екі жылдық жұмыс тәжірибесі бар кірпік өсіру шебері Нұрсұлу Тюзюльбаева. - Егер бет терісі майлы болса, кірпікті жиі ауыстырып немесе коррекция жасатып тұруға тура келеді. Бұған дейін кірпік ұзартудың оң жақтары талай айтылды. Бірақ кірпігі ұзартылған бойжеткендердің көздерінен сүрме ағып кетпейді және олар ұйықтап жатқанда да әдемі болады.

Көлемді кірпіктер бет-келбетті ерекше айшықтай түседі. Жалпы, бетке макияж жасамай-ақ қоюға да болады. Өйткені кірпіктер ерекше әдемілік беріп тұрады. Ал ешқандай сүрме мұндай әсер бермесі анық.

Кірпікті ұзарту кезінде көз формасын да айқындап алуға болады. Осылайша, кірпігіңізді ұзарта отырып, уақытыңызды да, қаржыңызды да үнемдейсіз. Мамандар бойжеткендерге кірпіктерді үй жағдайында емес, тек қана шеберге барып шештіру керектігін қатаң ескертеді.

Следующая →