Усть-Каменогорск
малооблачно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қыс мезгіліндегі шаш пен тырнақ күтімі

Табиғаттың әр маусымының өзіне тән ерекшелігі бар. Соның ішінде қыс мезгілі ерекше ғажайыпқа толы десек артық айтпаспыз

Табиғаттың әр маусымының өзіне тән ерекшелігі бар. Соның ішінде қыс мезгілі ерекше ғажайыпқа толы десек артық айтпаспыз.

Алайда аязды күндері біздің шаштарымыз бен тырнақтарымыз ерекше зақымданады. Бас киім мен қолғаптың артықшылықтары мен кемшіліктері, қоршаған ортаның зиянды әсерлері, күннің аяздығы, температураның күрт өзгеруі біздің сырт пішінімізге әсер етпей қоймайды. Сұлулық перизаттары, жыл сайынғы «Сұлу-2018» жүлдесінің қатысушылары біздің оқырмандарға қыс мезгіліндегі шаш пен тырнақ күтімі жайлы айтып, өз кеңестерімен бөліспек.

Айта кетсек, бұл оңай міндеттердің бірі емес екендігіне көзіміз жетті. Мысалы, қыс мезгілінде біздің организмге әрдайым дәрумендер жетіспейді, біз өзімізді әлсіз сезініп, тез шаршаймыз. Суық ауа райында біздің шаштарымыз бен тырнақтарымыз да осы сынды күйде болады. Сол себепті оларға айрықша күтім мен қорек қажет. Бүгінде сұлулық индустриясы тырнақтың мықтылығын және шаштың жылтыры мен күшін жоғалтпай, жайнаған қалпын қайтарудың түрлі тәсілдерін ұсынады. Дәл сол кезде ешқандай аяз сіздің сұлулығыңызға ешбір кедергі келтірмейді.


Шашты қалпына келтіру

Қыста сәнделген шаш та өңсіз көрінетінін байқадыңыздар ма? Шаштың өзі жансыз көрінеді. Ал бас киім кигеннен кейін шаштың сәнін сақтау оңай міндет емес. Сондай-ақ, көбі аталған мәселелердің шешімін таппай, beauty рәсімдердің барлығын жылы мезгілдерге шегереді. Мамандардың айтуынша, бұл қате әрекет. Себебі шашқа жыл көлемінде күтім қажет, әсіресе, қыс мезгілінде ерекше күтім жасау керек.

Лариса Галяпина, 10 жыл еңбек өтілімі бар стильші:

- Жылдың суық мезгілдерінде сұлулық салондарындағы мамандардың көмегіне жүгінуге кеңес беремін. Себебі үй жағдайында шаштарымызға 100% күтім жасау іс жүзінде мүмкін емес. Мысал келтірсек, нәзік жандылардың көбі сыртқы әсерлерден басқа, фен, плойка, шашқа арналған үтік сынды түрлі заттарды пайдалана отырып, шаштарын құрғатып алады. Сонымен қатар, шашты әрдайым нәрлендіру қажет. Ал бұл үшін мамандар арнайы процедураларды ұсынады. Мысалы, мен шашты кератинді қалпына келтіру, ламинациялау немесе шашқа протеин маскаларын жасауды ұсынамын. Осы процедуралар шаштардың берік болуына көмектеседі.


Шаштың 90 пайызы кератиннің тығыз ақуызынан тұрады, сондықтан шашыңызға кератинді түзету немесе қалпына келтіру жасаған кезде құрылғының молекулалары осы ақуызды тығыздатуды қамтамасыз етіп, серпінді функцияны жоғарылатады. Бұл процедура химиялық қоспалар қолданбай-ақ шашты түзетеді және одан кейін шашыңыздың құрылымы қалпына келтіріліп, тез таралатын болады.

Ал ламинациялау кезінде әрбір шаш талшығына арнайы қорғаныш заты жағылады. Шашқа жағылған өте жұқа қабат ауаны жақсы өткізіп, шаш талын сыртқы зиянды әсерлерден қорғайды. Құрамында протеинді заттар бар. Аталған процедураның нәтижесі әрдайым тұтынушылардың көңілінен шығады. Әсері де ұзақ сақталады әрі бағасы да қолжетімді.

Шаштарын бояйтын жандар үшін біз алдымен жасалатын процедуралардың реттілігін анықтап аламыз. Барлығы шаштың күйіне байланысты. Себебі тым зақымдалған шаштарға бояу одан сайын кері әсерін тигізеді. Сол себепті оларды алдымен «емдеп» алған жөн. Ал егер шаштарыңыз қалыпты жағдайда болса, онда оларды бояуға болады. Кейін бірнеше күннен соң шашқа арналған күтім процедураларын жасауға да рұқсат беріледі. Айта кетсек, шаштағы бояу кератинді қалпына келтіру немесе ламинациялау жасатқаннан кейін ұзақ сақталады.

Мұндай технология шаштың әр түріне, типтеріне, ұзындықтарына қолайлы әсер етеді.


Қазір қандай шаш үлгісі сәнде?

Кез келген нәзік жанды әрдайым күтініп, әдемі болып жүруді армандайды. Сән қуу, әрине, міндетті емес. Ал жаңа сән ағымдарын қадағалап отырған жөн.

Қазіргі таңда ұзын шаш пен винтаж стилі сәнде. Түске қатысты сән тез өзгеріп отырады. Мысалы, мамандар шашыңызға ешбір зиян келтірмей қара шашты ақ түске бояу сынды процедураларды ұсынады.

Алла Мейрабаева, 30 жылдан астам еңбек өтілімі бар шаштараз-стилист:

- Сән айналмалы болып келеді. Мысалы, осыдан 10-20 жыл бұрын өзекті болған заттар қазір қайта сәнге оралуда. Бұл нәзік жандылармен қоса ер азаматтарға да қатысты. Бірқатар ер азаматтар сәнделген шашты және стильді алынған шаш үлгілерін жақсы көреді.

Самай шаштары қырылған андеркат қазір сәнде. Мұндай шаш үлгісі ер азаматтарды неғұрлым батыл, табанды, сырлы етіп көрсетеді. Аталған шаш үлгісі барлық ер азаматқа жарасады. Тек шаш ұзындығын дұрыс таңдаса болғаны.


Ал нәзік жандылар, керісінше, өздерінің шаштарының ұзындығын сақтап қалғанды жөн санайды. Ұзын шашты сәнді ете түсетін тәсілдердің бірі - шашты жылтырату. Бұл ретте шаштың ұшталған бөлігі арнайы машинкамен қиылады. Бірақ аталған процедураны алты айда бір рет жасатуды ұсынамын.

Бірқатар мамандар шаштарды ыстық қайшылармен қию процедурасын ұсынады. Иә, бұл тәсіл шаш ұштарын ретке келтіруге көмектеседі. Алайда егер сіз шаштарыңызды ыстық фенмен кептірсеңіз, шашқа арналған үтік қолдансаңыз жасалған процедураның ешқандай әсері болмайды. Егер сіз шашыңызды ұқыпты кептіріп, шашқа зақым келтіретін құралдарды пайдаланбасаңыз, онда мұндай шаш қию процедурасы шаштың ұшталуын шектеуге көмек береді.

Ұзын шаштарыңыз сау болуы үшін тәжірибелерді аз жасауға кеңес беремін. Дегенмен, қазіргі заманғы құралдар ешбір зиян келтірмей қара шашты ақ түске бояу сынды процедураларды жасауға мүмкіндік береді. Бұл істе бізге Olaplex құралдары өте жақсы көмектеседі. Оның шашты ағарту немесе бояу кезінде қолданылатын арнайы құрамы шаштың құрылымын қорғайды. Бояғышқа қоспасы қалқан ретінде әсер етеді.

Дегенмен мұндай процедураларды да жиі жасауға болмайды. Кез келген жағдайда маман сіздің шашыңызға не қажет екендігін, оларға қалай дұрыс күтім жасау керектігін айтып, әдемі шаш үлігісін таңдап, сәндеп береді.


Тырнаққа ерекше қажет күтім

Қыс мезгілінде біздің қолдарымызға да ерекше күтім қажет. Қол терісі қыс мезгілінде құрғап, ал тырнақтарымыз сынғыш келеді. Себебі ауа температурасының ауысуы кезінде дәрумендердің жетіспеуінен шаштарымызбен қоса тырнақтарымыз да зардап шегеді. Қол терісін әртүрлі кремдерді қолдану арқылы ылғалдандыруға болса, тырнақтардың күтімі қиынға соқтырады. Олар осы кезеңде өте сынғыш болып келеді. Сол себепті мамандар қыс мезгілінде тырнақ қабаттарын нығайтуға кеңес береді.

Анжела Андреева, Nail Bar LUCKY сұлулық студиясының директоры:

- Гель-лак нәзік жандылардың өмірінде елеулі орын алды десем, артық айтқаным болмас. Себебі қазір екінің бірі 2-3 аптаға шыдайтын маникюр жасатуды жөн санайды. Ыңғайлы, қолайлы әрі әдемі. Сынғыш тырнақтың иелері әдемі әрі сәнді маникюр өздеріне арналмаған деп есептейді. Алайда ондай мәселеге де шешім бар. Заманауи технология бойынша ондай тырнақтардың қабатын биогельмен бекітуге болады. Тырнақ майысқақ болғанымен сынбайтын болады.


Дизайнға келетін болсақ, қазіргі таңда тырнақты ашық реңкті әрі бір түсті лакпен бояп, 1-2 тырнақты әртүрлі тастармен көмкеру сәнге айналды.

Біз гель-лакты салонда ғана шешуге кеңес береміз. Ал гель-лакты үй жағдайында өздігінен шешу тырнақ қабатын зақымдайды. Сондай-ақ, бүгінде тырнақты гель-лактан «демалту» ұғымы жоқ. Мамандар тырнақ бетіне ешбір зақым келтірмей ескі гель-лак қабатын алғаннан кейін тағы да әдемі маникюр жасауға мүмкіндік туады. Ал біздің салонда бағалар қолжетімді. Мысалы гель-лакты маникюр жасату құны 1000 теңгеден басталады. Біздің шеберлердің арасында жас мамандар бар. Әрине егер жас маманға маникюр жасатсаңыз, процедура уақыты біраз ұзаққа созылады. Дегенмен ол кезде бағасы да төмен болады.

Следующая →