Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әкімдер қылмыстың алдын алуға көмектеспек

Полиция қызметкерлері әкімдермен, мал дәрігерлерімен біріге отырып, ұрлық пен тонаудың алдын алмақ

Полиция қызметкерлері әкімдермен, мал дәрігерлерімен біріге отырып, ұрлық пен тонаудың алдын алмақ.

Аудан мен қаладағы қылмысты болдырмауға әкімдер де атсалысып, жергілікті бюджеттен қаржы бөлмек. Мәселен, биыл облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен мен Семей қалаларының бүкіл аулалары мен көшелеріне бейнебақылау камераларын орнатуға тапсырма берген еді.

Полицейлер қылмыстық істердің 70-80 пайызын дәл осы ұрлық пен тонаушылық құрайтындығын айтып отыр. Оның үстіне, қазіргі уақытта барлық қылмыстық істі қарауға полицейлердің қауқары жетпейді. Сондықтан уақыт пен шығынды үнемдеу үшін биыл ШҚО Ішкі істер департаменті қылмыстың санын азайтуға мүмкіндік беретін «Бөтеннің мүлкіне қол сұғудың алдын алу» атты ведомствалық бағдарламасының үшінші кезеңін іске асыруды ниет етіп отыр.

- Егер қылмыстық істің санын біршама азайта алсақ, онда полиция қызметкерлерінің де қалған істі қарап, оны ашуға, кінәлілерді табуға деген қауқары күшейер еді. Уақыт пен күші, департаменттің шығыны үнемделеді, - дейді ШҚО Ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасының басшысы Нұркен Көпжасаров.

Бұл бағдарлама 2018-2020 жылдары жүзеге асырылмақ. Ал оны жүзеге асыруға жергілікті әкімдік көмектеспек. Егер бұған дейін қылмыспен тек полицейлер ғана күрессе, енді әкімдік те қылмысты жоюға атсалыспақ.

- Мәселен, ауылда малдың көп ұрланатындығы белгілі. Малдың қолды болуына, көбінесе, тұрғындардың өздері кінәлі болып шығады. Өйткені малды бақпайды, өріске қараусыз жібереді. Тіпті, жылқысын жарты айда бір рет қана көретін ағайындарымыз бар. Кейде малы бір ай бұрын жоғалып кеткен азаматтар шағым түсіріп жатады. Полицейлер қылмыстық істі тергеудің орнына мал іздеп, «бақташы» болып кетеді. Былтыр иесі жоғалып кетті деген 200-ге тарта малды полиция қызметкерлері жайылымнан тауып әкелген. Яғни, полиция өз міндетіне кірмейтін іспен айналысуға мәжбүр. Ал оның құзіреті - қылмыстық істі тергеу. Мұндай келеңсіздік тудырмаудың қарапайым ғана амалы бар. Ол - малды бағу, бақташы, шопан жалдау. Кезінде ауыл тұрғындары малды кезекпен бағатын не шопан жалдап бақтыратын. Ал әкімдік мамандары халықпен ақылдаса келе малды бағудың жолын табуы қажет немесе малға чип орнатуға болады. Бір үйір жылқыға бір чип жеткілікті. Оны айғырға тағып қояды. Кез келген тұрғын мүлкінің амандығы үшін қаржы төлеуі тиіс қой, - дейді Нұркен Тұрмышұлы.

Ал ол қаржыны кім және қайдан бөлетіндігін ауыл әкімдері өздері шешеді. Өйткені биылдан бастап халық саны екі мыңнан асатын ауылдар бюджет қаржысын жинауды өз міндетіне алатыны белгілі. Сондықтан бақташы жалдауға әкімдік өзі қаржы бөлуі мүмкін.

Мәселен, былтыр учаскелік полиция мен ауылдың белсенді тұрғындарынан құралған «Сарбаз» тобы 36 ұрлықтың кім жасағанын анықтаған. Мұндай тұрғындар ауылды аймақтың жер жағдайын жақсы біледі, қаскүнем ұрыларды да таниды.

- Сол сынды аудандағы ветеринария қызметі арнайы қасапхана орындарын құрып, ауылдағы малды тек бір жерде ғана союды ұйымдастырса, оның барлығына бір жерден құжат берсе, базар маңын тексерсе, ұрлық әжептәуір азаяр еді, - дейді Нұркен Тұрмышұлы.

Ауылда мал жиі ұрланса, қалада пәтер мен қалта көп тоналады. Сондықтан қалада бейнебақылау камераларын орнату тиімді. Былтыр Ішкі істер департаменті облыста 170 бейнебақылау камерасын орнатқан. Ал биыл камералар, ең алдымен, қылмыс көп болатын аула мен аудандарда қойылады. Бейнебақылау камералары - селейіп тұратын жай ғана құрылғы емес, жасанды интеллект салынған жабдықтар.

- Яғни, камералар тұрғынның жүріс-тұрысына қарап бақылайды. Егер ол күдік тудырса, оның жүріс жолына қарай бағытталып, көкжиектен кеткенше қадағалап тұрады. Маңайдағы дыбыстарды да жазып алады. Егерде күмән туғызатын дыбыс шықса, бағдарын солай қарай бұрады, - дейді полиция бастығы.

Аталған шаруалардың барлығы Ішкі істер министрлігі дайындаған үш жылдық бағдарламаның негізінде жүзеге асырылмақ. Ал бұған дейін 2015-2017 жылдарға арналған екінші кезең бағдарламасы орындалып біткен. Соның нәтижесінде, бір жылдың ішінде қылмыс саны 2,5 пайызға төмендеген.

- Егер 2016 жылы 15 153 ұрлық тіркелсе, 2017 жылы 14 826 ұрлық орын алған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 327 қылмысқа аз, - дейді Нұркен Тұрмышұлы.

Следующая →