Соловьево ауылындағы су деңгейі төмендеді
Соловьево ауылында түнгі уақытта су деңгейі көтеріліп, 24 үй аумағын су басу қаупі төнген
Оқиға орнына жедел облыс әкімі Ермек Көшербаев келіп, жағдаймен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Кеше әлеуметтік желіде "Казцинк" ЖШС тиесілі су қоймасына кіреберіс тұсынан түсірілген кадрлар тарап кетті. Кейін анықталғандай, су қоймасынан бейнеде көрсетілгендей артық су өзендерге жіберілмеген. Оған қоса, жауын-шашынның, қатты қар еруі және көлбеу ағындардың салдарынан Березовка өзеніндегі су көтеріле бастаған. Өзен өтетін көпірді эрозиядан және жағалаудағы үйлерді су тасқынынан сақтау үшін Соловьево-Новокрестьянка көшесінің ортасы ашылып, артық суды шешім қабылданды.
Облыс әкімі жағалауды бөгеу және еріген қар суын бұру жұмыстарымен айналысып жатқан мамандармен және тұрғындармен кездесті. Тұрғындар эвакуациялаудан бас тартып, уақытша туыстарының үйіне орналасты.
Екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбыр себебінен көтерілген су деңгейі қазірде 10-15 сантиметрге түсті. Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган, ТЖ мамандары кезекшілік ұйымдастырып, полиция бекеті жұмыс жасап тұр.