Өскемен
облачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +15°
$
479.23
+0.69
534.96
+1.20
¥
68.35
+0.10
5.16
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да өзендердегі су деңгейі шекті белгіден асуы мүмкін

11-13 сәуір аралығында жаңбыр мен жылбысқы қар жауады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да өзендердегі су деңгейі шекті белгіден асуы мүмкін
Фото:
Г. Пестрякова

Осыған байланысты өңірде су тасқыны қаупі артады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 11-13 сәуір аралығында жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі көп мөлшерде жауын-шашынның түсуіне, сондай-ақ қардың қарқынды еруіне байланысты өзендердегі су деңгейі көтеріліп, шекті деңгейден асуы мүмкін.

Автожолдар мен теміржолдарды, тұрғын елді мекендерді және шаруалық құрылыстарын су басу қаупі жоғары.

ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын еске салады:

- арықтар мен жыраларды тазалаңыз;

- үйдің аумағын үйіп тастау үшін қолда бар материалды дайындау - қаптар, топырақ, құм, саз;

- егер сіздің үйіңіз су тасқыны қауіпі бар жерде орналасса, азық-түлік қорын жертөлелерден шығарып, су жетпейтін жерге ауыстырыңыз;

- ауа райы болжамын және гидрологиялық жағдай туралы хабарламаларды қадағалап отырыңыз.

Төтенше жағдай кезінде "112" телефоны бойынша хабарласуға болады.

Следующая →