Алтай ауданында бір тәулікте 2 үйде өрт шықты
Екі жағдайда да өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болған
ШҚО ТЖД мамандары халыққа қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды еске салады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кеше Алтай қаласындағы Баладаурен бұрылысындағы жеке тұрғын үйде төбенің ағаш конструкциялары, жылытқыш материал өртенді. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері 4 шаршы метр аумаққа жайылған өртті сөндірді.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.Одан кейін, Малеевск кентінде жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Үйдің кіре беріс бөлмесінің ағаш конструкциялары, шатыр, төбе жабындары, қабырғалар, жиһаздар, тұрмыстық техника, жеке заттар жанды. Өрттің жалпы ауданы 80 ш.м.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп.
ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға ерекше қырағылықпен қарауды сұрайды.
Электр желісін, соның ішінде бір уақытта тым көп электр құрылғыларын шамадан тыс жүктемеңіз. Ақауы бар электр құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.