Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан қаласында емхана салынады

Сондай-ақ, Зайсан ауданындағы үш ауылда медициналық нысан бой көтермек

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан қаласында емхана салынады
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, биыл аудандық ауруханаға және ауылдық елді мекендердегі 6 медициналық мекемеге 610,4 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, биыл компьютерлік томограф сатып алуға 465 миллион теңге бөлініп, аппарат жыл соңына дейін орнатылады. Сондай-ақ, алдағы жылдары Зайсан қаласында емхана және ауданның 3 ауылында медициналық нысандар салуды жоспарлап отырмыз, – дейді Аэлита Ахметсәлімқызы.

Одан бөлек, 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Биыл Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы мектепке жаңа заманауи құрал-жабдықтар сатып алу үшін "Қазақстан халқына" қорынан 250 миллион теңге бөлінді. 2023 жылы 14 білім беру нысанында 211 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге "Іскер" бағдарламасы бойынша 36 жобаға 144 млн теңге, "Агробизнес" бойынша 2 жобаға 21 млн теңге несие берілді. Өңірдегі ауыл шаруашылығы ұйымдары түрлі қаржыландыру көздерінен 230 млн теңгеге 40 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын алды, – деді аудан әкімі.

Следующая →