ШҚО-да полиция қызметкері түтін ішінен адамды құтқарып қалды
Алтай қаласының тәртіп сақшысы көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен түтін шығып жатқанын кездейсоқ байқап қалған
Үй иесі қатты ұйықтап кеткен көрінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Демалыс күндері Алтай қаласының полиция қызметкері Олжас Серікқанов отбасымен қыдырып жүріп, көпқабатты көрші үйдің терезелерінің бірінен қалың түтін шыққанын байқаған, - деп хабарлады Polisia.kz. - Терезеге жақындап, торды ашып, пәтерде ұйықтап жатқан ер адамның бар екенін көріп, шығуға көмектескен.
Үй иесі қосулы пештің үстіне тамақ салынған табаны қойып, қатты ұйықтап кеткен. Нәтижесінде табаның ішіндегісі күйіп, қара түтін шығып, өрт шығуға айналған. Тәртіп сақшысы қырағылығының арқасында оқыс оқиғаның алдын алды.
Олжас Серікқанов Алтай ауданы ПБ УҰИ бастығының орынбасары қызметін атқарады. Ішкі істер органдарында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.