Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандықтар Австралиядағы робототехника чемпионатының күміс жүлдесін қанжығалады

Австралияда робототехникадан алғаш рет Asia Pacific Open Championship ашық жарысы өтті

Новости мира / Қазақстандықтар Австралиядағы робототехника чемпионатының күміс жүлдесін қанжығалады
Фото:
ҚР Оқу-ағарту министрлігінен

Оған АҚШ, Канада, Үндістан және Қытай сынды әлемнің 10 мемлекетінен 300-ден астам қатысушы жиналды. Олардың арасында Қазақстан да бар, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

FIRST Tech Challenge аға санатында Қазақстанның намысын Алматы қаласындағы РФММ мен Астанадағы Нұрорда мектебінің командалары қорғап, алматылық Bolt.M3 командасы чемпионаттың күміс жүлдесі мен ең жоғарғы екі марапатқа ие болды, - делінген хабарламада.

USTEM Robotics қорының басшысы Асылбек Мырзахметовтың айтуынша, ұлттық құраманың қоржынына түскен күміс пен екі беделді марапат чемпионат қатысушылары арасында рекордтық көрсеткішке ие. Бұл команданың жоғары кәсібилігін және Қазақстан мен Орталық Азиядағы STEM дамуына қосқан үлесі жоғары екенін көрсетеді.

Бізге Connect Award сыйлығы берілген кезде қатты қуандық, одан кейін Think Award және чемпионаттың күміс жүлдесін берген сәтті сөзбен айтып жіткізу мүмкін емес. Мұндай жарыстар біз үшін үлкен тәжірибе, сондай-ақ кәсіби байланыс орнатудың, өз еліміздің бұл салада жақсы дамығанын өзгелерге көрсетудің мол мүмкіндігі. Жарыстың үш күні бойы матчтар арасындағы үзілістерде біз басқа елдердің қатысушыларымен ұлттық ойындарымызды ойнап, оларға қазақ тағамдарын ұсына отырып, еліміздің мәдениетімен таныстыруға тырыстық, - дейді команда капитаны Таир Каренеев.

Естеріңізге сала кетейік, оқушылар осы жылдың ақпан айында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында халықаралық чемпионатқа жолдама алған болатын. Asia Pacific Open Championship-тегі жеңіс оқушыларға үздік шетелдік университеттерде білім беру гранттарына ие болуға жол ашады.

Следующая →