Алтай ауданында жаңа мектеп салу жоспарлануда
Биыл "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп салынбақ
Аудандағы білім беру және басқа да салалар ойынша атқарылып жатқан шаралар бойынша аудан әкімінің орынбасары Сергей Охременко Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алтай ауданындағы М. Бикетов атындағы орта мектебінде терезе блоктарын ауыстыру, Октябрь орта мектебінде және №2 Жаңа Бұқтырма мектебінде асханаларды жаңғырту жұмыстары, сондай-ақ ауданның 10 мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 52,7 млн теңге қарастырылған, - деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко.
Сонымен қатар, ауданның денсаулық сақтау саласында да өзгерістер орын алуда. Мәселен, созылмалы бүйрек патологиясы бар науқастарға сапалы жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Алтай қаласында "B. B. NURA" ЖШС-ның гемодиализ орталығының филиалы ашылды.
Орталықтың ашылуы біздің және жақын маңдағы аудандардың пациенттеріне облыс орталығына бармай-ақ медициналық қызмет алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, аудандық ауруханада медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен 222,5 млн теңгеге медициналық жабдық сатып алынды. Бұған қоса, облыстық бюджет есебінен Серебрянск қалалық ауруханасы үшін 11,7 млн теңге сомасына медициналық жабдық сатып алынды, - деп толықтырды спикер.
Сонымен қатар, ол "Қазмырыш" ЖШС қаржылай қолдауымен Серебрянск қалалық ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне жөндеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2022 жылы шатырды ауыстыру және пластикалық терезелерді орнату жүргізілді, ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
Биыл Октябрьский кентінде барлық талаптарға сай дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда, - деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары.