ШҚО драма театрында қайырымдылық кеші өтеді
Өскемен қаласында церебральды сал ауруы бар балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық кеші өтеді
Оған елімізге танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның "A. I" театры атсалыспақ, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"NIET.WOMAN" қоғамдық бірлестігі дәстүрлі түрде әр көктем сайын қайырымдылық балын ұйымдастыратын. Биыл "ІЗГІ КӨКТЕМ" шарасы аясында алғаш рет театр кеші өтпек. Кеште ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева мен елордалық "A. I" театры шығысқазақстандықтарға Чеховтың "Шие бағы" пьесасы негізіндегі "БАҚ" трагикомедиясын ұсынады.
Бұл кеш DEMEY оңалту орталығындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды қолдауға арналады және жиналған қаражат сол балақайларды оңалтуға жұмсалады.
Билеттерді 87474298835 телефоны немесе tiketon.kz веб-сайты арқылы сатып алуға болады.