Бүгін Жаңа Бұқтырма кенті жылусыз отырды
Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде таңғы 07.00-де жылу тоқтатылған
Бірінші ауысымда оқитын оқушылар мектепте, ал екінші ауысым қашықтықтан оқыды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
22 қарашада сағат 07.00-ден 18.00-ге дейін Жаңа Бұқтырма кентінде жылу желісі учаскесінде жөндеу жұмыстарына байланысты жылу көзі уақытша ажыратылды, - деп жазды Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин инстаграм әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында. - Барлық атқарылып жатқан жұмыстар өзімнің бақылауымда. Техникалық жұмыстарды жүргізу үшін ауа райы жағдайлары қолайлы.
Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, бірінші ауысым оқушылары мектепте, ал екінші ауысым қашықтан оқыды. Балабақша үйде отыруға мүмкіндігі жоқ балалармен ғана жұмыс істеген.
Ал бірнеше сағат бұрын Ернар Мұстафин ақау жөнделіп, жылу беріле бастағанын жазды.