Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО тұрғыны атасынан қалған қаруды заңсыз сақтаған

Аңшылық патрондармен оқ атуға жарамды шолақ қаруды Алтай ауданының тұрғыны неге жасырған?

Усть-Каменогорск и ВКО / Зыряновск (Зыряновский р-он) / ШҚО тұрғыны атасынан қалған қаруды заңсыз сақтаған
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Алтай ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері қазан айының басында үйінде шолақ қаруды заңсыз сақтаған 34 жастағы ер адамды анықтаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам түсіндіргендей, бұл қару марқұм атасына тиесілі болған. Өйткені тірі кезінде атасы оның мылтығы бар екенін, оның ұңғысы шіріп кеткенін және одан шолақ қару жасағанын айтқан. Атасы қайтыс болғаннан кейін ер адам аталған қаруды тауып, содан кейін оны үйіне жасырған, - делінген хабарламада.

Мамандардың қорытындысы бойынша тәркіленген зат БМ-16, 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық қарудың кесіндісі болып табылады. Сондай-ақ, шолақ қару аңшылық патрондармен оқ атуға жарамды екендігі анықталған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Следующая →