Көбінесе 30-49 жастағы облыс тұрғындары алаяқтарға алданып қалады
Шығыс Қазақстан облысында тіркелген барлық алаяқтықтардың 67% - интернет алаяқтық
Ағымдағы жылдың 9 айында ғаламтор алаяқтары 1,5 мыңнан астам шығысқазақстандықтың 600 млн теңгеден астам ақшасын жамқырған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.
Соңғы кезде интернет-алаяқтықтың өсуіне ІТ-технологиялардың қарқынды дамуы, қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ, пандемия, одан кейін интернет-желілерде тауарлар мен қызметтерді сату нарығының белсенділігі әсер етті, - деп мәлімдеді ШҚО бас прокуроры Алмат Байшолақов. - Олардың жартысына жуығы 30 мен 49 жас аралығындағы ересек жұмыс істейтін адамдар. Көбінесе, 31% жағдайда, 50-60 жастағы ересек адам интернет-алаяқтарға алданып қалады. Ал 18-29 жас аралығындағы жастар олардың шырмауына көп түсе бермейді (20%).
Алаяқтық түрі интернетте тауарлар сатумен қатар, тағы бір проблема - «Инстаграмда» белсенді түрде таратылатын жоғары кірісті инвестициялар салу жөнінде алаяқтықтың жаңа түрі болуы мүмкін.
Облыс орталығында қаскүнемдердің «ҚазМұнайГаз» АҚ атрибутикасын пайдалануына байланысты 13 қылмыстық іс тіркелген, - деп мәлімдеді ШҚО Прокуратурасы. - Жалпы, алаяқтық туралы 419 қылмыстық іс ашылмаған күйінде қалып отыр. Барлығы бойынша оларды ашуға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіледі.
Әдетте, алаяқтар ақшаны алған соң, өздерінің телефонын өшіріп, әлеуметтік желілерден жоғалып кеткеннен кейін ғана жәбірленушілер өздерінің алданып қалғанын біліп жатады. Содан соң құқық қорғау органдарына ұзақ уақыт өткен соң жүгінеді.
Осыған байланысты профилактикаға басты назар аударып, халықпен мақсатты және ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, - деп атап өтті облыс прокуроры.