Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +32°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +31°
  • Көкшетау
    +27°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +37°
  • Павлодар
    +30°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +36°
$
465.52
+1.75
498.2
+2.71
¥
64.05
+0.23
5.45
+0.14
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан ауданындағы мектептерге жоғары жылдамдықты интернет тартылуда

Биыл аудандағы 16 мектепке "Starlink" спутниктік интернет желісі орнатылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан ауданындағы мектептерге жоғары жылдамдықты интернет тартылуда
Фото:
pexels.com

Биыл мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, республиканың шалғай елді мекендеріндегі білім беру нысандары жоғары жылдамдықты интернетке қосылуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осы аптада Қуаныш ауылының мектебіне "Starlink" спутниктік интернет құрылғысы қосылды. Бұған дейін Жаңатұрмыс, Әуезов, Дауленов, Маметова, Октябрь, Саржыра, Жамбыл, Мұжықсу, Көгедай және Биқадамов мектептеріне "Starlink" интернет желісі орнатылған болатын, – деп хабарлады Зайсан ауданы әкімдігіндегілер.

"Starlink" – жылдамдық пен сапа тұрғысынан қазіргі кездегі озық желілердің бірі. Ресми деректерге сүйенсек, оның жылдамдығы 120 мбит/с, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін. Сондай-ақ, спутниктік құрылғыны іске қосу көп уақыт алмайды.

Бұл интернет желісінің мектеп жұмысына, оқушылар мен мұғалімдерген үлкен мүмкіндік береді. Әр кабинет, әр пән мұғаліміне жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді болады деген сенімдеміз, – деді Қуаныш ауылындағы А. Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінің директоры Рустам Калиякпаров.

Бұл бастама ауыл мектептеріндегі білім беру сапасын арттыруға және оқушылардың заманауи ақпараттық технологияларға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Следующая →