Зайсандықтарға өзенге баруға тыйым салынды
Ертіс өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілген

Фото:
kk.wikipedia.org
Осыған байланысты Зайсан ауданы әкімдігі халыққа ескерту жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ертіс өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты өзен бойында демалыс ұйымдастыруға, мал бағып, балық аулауға қатаң тыйым салынатынын ескертеміз. Сақ болыңыздар және қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар! - деп ескертті Зайсан ауданының әкімдігі.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Зайсан ауданы Ертіс өзені Су күрт көтерілді 



