Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан қаласынан 15 шақырым жерде газ құбыры тесілді

Кеше кешке Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал және Үлкен Қаратал ауылдары көгілдір отынсыз қалған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан қаласынан 15 шақырым жерде газ құбыры тесілді
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

Бүгін таңғы 5.30-дан бастап ауылдарға рет-ретімен газ беріле бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE Зайсан ауданы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Кеше сағат 18.00-де Айнабұлақ ауылының тұсындағы магистралды газ құбырынан газ шығып жатқан орын анықталып, "ҚазТрансГазАймақ" және "ИнтерГазЦентралАзия" мекемелерінің өкілдері қалпына келтіру жұмыстарына кіріскен.

Жұмысқа 6 техника, 27 адам жұмылдырылды, қосымша өрт сөндіру мекемесінен 2 техника, 7 адам тартылды. Оқиға салдарынан Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдарына уақытша газ беру тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары түнімен тоқтаусыз жүргізілді, - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Аудан әкімдігі газ құбырындағы жөндеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. Сағат 5.30-дан бастап ауылдарға рет-ретімен газ беріле бастады.

Следующая →