Бүгін Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Соған байланысты белгілі шектеу шаралары қарастырылған
Қалада кей көшелерде көлік қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб ақпаратына сүйеніп.
2023 жылғы 31 қазанда Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, - делінген хабарламада. - Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.
Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтау және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындау сұралады.