Қарабұлақта озат шопанның атына көше берілді
Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылында озат шопан болған Сейтқамза Мәзбаевтың атына көше берілді
Кеше қарабұлақтықтар қос мерекені атап өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Зайсан ауданы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Қарабұлақ ауылында есімі Қазақ ССР-нің Алтын кітабына жазылған, Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған еңбек ардагері, озат шопан болған Сейтқамза Мәзбаевтың атына көше берілуіне орай мерекелік шара өтті. Ардагердің ұрпақтары ауылға саябақ салып берді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай саябақтың ашылу салатанаты өтіп, 300 балаға тәтілер үлестірілді, - делінген хабарламада.
Ардагердің ұрпақтарына аудан әкімінің атынан алғыс хаттары табысталды.