Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 15,3%-ға төмендеді

Шығыс Қазақстанда онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі бес жылдық кешенді жоспардың қорытындысы шығарылды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші 15,3%-ға төмендеді
Фото:
Устинка LIVE

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина айтып өткендей, скринингтік, профилактикалық тексерулердің нәтижесінде қатерлі ісікті ерте анықтауға мүмкіндік туып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Шығыс Қазақстан облысы ұзақ жылдар бойы онкологиялық ауруларға шалдыққандардың саны жағынан елімізде алдыңғы қатарда тұрған. Өңір дәрігерлері 2018 жылдан бастап онкологиямен күрес жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес жұмыс істеп, 5 жылдан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы нәтижесін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған жоспарлармен бөлісті.

Қатерлі ісікті анықтау қаншалықты жоғары болса, дертке шалдыққан адамдардың саны да жоғары болады,- деді Гүлмира Сағидуллина.

Оның айтуынша, жыл сайын Шығыс Қазақстан облысында орта есеппен 2500 жаңа қатерлі ісік диагнозы қойылады. Диспансерлік есепте 13,5 мың онкологиялық науқас тұр. 2022 жылы облыс бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 350,4 құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 76%-ға жоғары. 2018 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші 11,7%-ға өсті.

Көбінесе аймақта, жалпы республика бойынша, сүт безі обыры, өкпе обыры және колоректальді обыр диагнозы қойылады. Сонымен қатар, ер адамдарға қарағанда әйелдердің саны басым. 60-70 жас аралығындағы жандарда жиі шылдығуда. Ал өлім-жітім деңгейінің төмендеуіне қатерлі ісіктерді ерте анықтау бойынша скринингтік іс-шаралар жүргізу, онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу және өңір дәрігерлерінің кадрлық әлеуетін дамыту ықпал етті.

Айта кету керек, соңғы 5 жылда онкология және хирургия орталығы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Орталықты жаңғырту және заманауи медициналық жабдықтармен - операциялық блокты, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесін, стерилизация бөлімшесі, маммология және онкогинекология бөлімшесін техникалық жарақтандыру жүргізілді. Мәселен, 2018-2022 жылдары облыста 7 маммографиялық, 41 рентгенологиялық аппарат, 2 бейнеколоноскоп сатып алынды. Сондай-ақ, 2021 жылдың қазан айында облыстың медициналық ұйымдарында PACS-жүйесі енгізілді.

Қазіргі уақытта мұндай заманауи ақпараттық цифрлық платформа Қазақстанның үш облысында ғана бар. PACS енгізілуімен науқасқа қашықтықтан кеңес беру, оның мұрағатына кіру мүмкіндігі пайда болды, нәтижелерді беру мерзімі қысқарды, жасанды интеллект функциясы қорытынды шығаруды жеделдетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, кадр мәселесі әсіресе рентгенолог дәрігерлердің тапшылығы шешілді, - деді басқарма басшысы.

Бұдан басқа, Глубокое ауданының орталық ауруханасына жылжымалы маммограф, Алтай және Глубокое аудандарына колоноскоптар, сондай-ақ Зайсан және Шемонаиха аудандық ауруханаларына компьютерлік томографтар сатып алу жоспарлануда. 5 жыл ішінде онкологиялық орталықтың 40 маманы әлемнің жетекші клиникаларында (Израиль, Ұлыбритания, Германия, Италия, Ресей) тағылымдамадан өтті. 102 дәрігер әлемдік деңгейдегі жетекші мамандарды шақыра отырып, 15 шеберлік сағатына қатысты.

2023 жылы онкология саласында күрделі және бірегей технологиялардың үш жаңа түрін енгізу жоспарлануда.

Следующая →