Зайсанда әскери ант қабылдау кезінде сарбаз сүйіктісіне сөз салды
Зайсан ауданы бойынша Шекара басқармасының 200-ден астам әскерге шақырылушылары Отанға адал болуға ант берді
Осы ресми сәтте бұрын-соңды болмаған ерекше жағдай орын алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әскери ант қабылдау салтанатты рәсімінен кейін сарбаз сүйіктісіне сөз салды.
Шығыс Қазақстан облысы Предгорное ауылынан мерзімді әскери қызметке шақыртылған қатардағы жауынгері Олег Поликарпов шеру алаңында көпшілік алдында өзінің ғашығына үйленуге ұсыныс білдірді. Алена ұсынысты қабыл алып, келесі көктемге дейін өз сарбазын күтуге уәде етті.
Үш жүзден астам адам осы романтикалық эпизодтың куәгері болды. Олегтың ата-анасы да ант қабылдау рәсіміне келіп, ұлдарының өмірдегі маңызды қадамына қолдау білдірді.