Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Астанада да найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысында өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз шығысында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының тауларында найзағай. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман болады.