Өскемен
облачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
440.92
+1.52
475.36
+1.82
¥
60.95
+0.13
4.82
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан ауданы бүгінгі мерекені қалай атап өтуде?

Зайсан ауданының әр ауылы Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан ауданы бүгінгі мерекені қалай атап өтуде?
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

Бүгін Сартерек ауылында жаңа атшабар ашылып, ат жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Зайсан ауданы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Бүгін 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сарытерек ауылдық окуругінде жаңа атшабар алаңының ашылу рәсімі өтті. Қазақы дәстүрмен ақ шашу шашылып, құттықтау тілектері айтылды. Ашылу рәсімінен кейін ұлттық спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, көкпар, бәйге өтуде. Атап айтсақ: тай жарыс 5 шақырым; 7 шақырымдық құнан байгесі 3 айналым, 15 шақырымдық аламан 6 айналымнан тұрады.

Сондай-ақ, аудан орталығы – Зайсан қаласында да бүгінгі мерекені кең көлемде атап өтуде. Мерекелік концерт, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, аламан бәйге, түрлі байқаулар ұйымдастырылып жатыр.

Зайсан аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі ән өнері додасының облыс аралық «Күміс көмей» ән байқауы өтті.

Бұл күні орталық алаңға келгендерге мерекелік жәрмеңкеде ауданның шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылды.


Следующая →