Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсанның әуежайы қашан жаңартылады?

Елу адамды қабылдай алатын әуежай ғимараты қызмет көрсетуге ыңғайсыз

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсанның әуежайы қашан жаңартылады?
Фото:
ашық дереккөзден

Әуежай күрделі жөндеуден өтсе, Астана мен Алматы бағыттарына да ұшақ ұшпақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Altay телеарнасының ақпаратына сүйеніп.

Зайсан ауданындағы әуежайдың ұшу-қону алаңын жаңарту жұмыстары келер жылы басталмақ. 1500 метрден 2 шақырымнан астам қашықтыққа дейін созу жоспарланып отыр. Әуе бекеті күрделі жөндеуден өткен соң жолаушыларға заман талабына сай жоғары деңгейде қызмет көрсетілмек.

Қазіргі уақытта әуе бекеті сағатына 50 адамды өткізіуге қауқарлы. Бұл әуежай арқылы Зайсан, Күршім, Тарбағатай аудандарының тұрғындары қатынайды. Ондағы науқастар да облыс орталғына осы әуе бекеті арқылы жеткізіледі.

Бұл әуежай 1979 жылы қолданысқа берілді. Соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 1984 жылы жүргізілген. Одан бері тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі ахуал күрделі жөндеуді қажет етеді, - дейді Зайсан әуежайында 17 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан комендант Ермек Тұрсынов.

Әуежайды қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау 2025 жылы дейін жалғасады. Жұмыстар біткен соң "Фоккер 50", "Ембраер 120" сынды тағы да басқа ұшақтарын қондырып ұшыру көзделген. Астана, Алматы бағыттарын қамту жоспарлануда.

Следующая →