Риддер қаласына жаңа басшы тағайындалды
Дархан Қосантаев Риддер қаласының әкімі міндетін атқаратын болады
Бұған дейін ол Риддер қаласы әкімінің орынбасары болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Дархан Дәуренбекұлы 1991 жылы 4 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде "Қаржы" мамандығы бойынша және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде "Құқық" мамандығы бойынша білім алған.
2014 жылы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппаратында бас маман лауазымын атқарды. Бір жылдан кейін аталмыш кенттің инфрақұрылым бөлімін басқарды.
2017 жылы Шемонаиха ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінде бухгалтерлік есеп және есептілік, коммуналдық меншікті басқару және мониторинг секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2020 жылы"Шемонаиха ауданы әкімдігінің қаржы бөлімін басқарды.
Екі жыл бұрын Риддер қаласы әкімінің персоналды басқару бөлімінің басшылығына ауысып, кейін Риддер қаласы әкімінің орынбасары болды.