Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан ауданында 9 ауыл газсыз отыр

ШҚО-дағы Зайсан ауданының тұрғындары тағы да жылусыз қалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан ауданында 9 ауыл газсыз отыр

Газ құбыры жарылып, тоғыз ауылға көгілдір отын беру тоқтатылды, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

Зайсан ауданының 9 елді мекенін (Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Шалқар, Көгедай, Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдарын) газбен қамтамасыз ететін жоғары қысымды магистральдік газ құбырынан газ шығуына байланысты бұл ауылдарға газ беру тоқтатылды, - деп мәлімдеді Зайсан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. - Оқиға орнына аудан әкімі Дулат Қажанов барып, жағдайды бақылауда. Қалпына келтіру жұмыстары үшін тиісті материальдар мен жұмыс күші барр. Қоғамдық саяси жағдай тұрақты. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауылдарға газ берілетін болады. Орын алған жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Зайсан ауданында дәл осындай жағдай қараша айының басында да орын алған көрінеді. Тіпті, биыл ғана емес, бұрын да бірнеше рет газ құбыры жарылған.

Соңғы уақытта бұл неге жиілеп кетті? Осы газ жер асты тартылғанда "ауыл ішіне су құбырына арналған пластиктер қойылған " деп халық айтып жүретін. Үлкен магистральдық газ құбырында да солай болуы ықтимал емес пе?! Қарашада Зайсан ауданында газ осымен екінші рет жарылып отыр! Қаңтар мен ақпан айларында бұндай жағдай орын алса, газбен отырған халыққа қиын болуы ықтимал! Қазір Зайсан ауданының әкімі, газ мамандары, төтенше жағдай қызметкерлері газ құбыры жарылған аймақта жүр. Орын алған ақауды тез қалыпқа келтіруге қарқынды жұмыс жасап жатыр екен, – деп жазды Зайсан ауданының қоғам белсендісі Еркебұлан Зағыппаров.

Следующая →