ШҚО-да жолаушының көлігі қарға батып қалған
Жолға шыққан жолаушы ауа райының қолайсыздығына байланысты діттеген жеріне жетпей қалды

Оған жол талғамайтын техникамен жеткен құтқарушылар көмектесті, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.
12 қараша күні кешке ер адам "Уаз" автокөлігімен Өскемен қаласынан Қызыл Су ауылына қарай бет алды. Сол кеткеннен байланысқа шықпаған, баратын жеріне де жетпей қалған.
Достарф дереу құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Ал жоғалған ер адамды іздеуге ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын "Трекол" техникасымен барды. Жолаушы Ұлан ауданының Қойтас ауылы мен Саратовка ауылы арасындағы аумақтан табылған. Көлігі қарға батып қалған. Құтқарушылар көлікті қазып шығаруға көмектесіп, тас жолға дейін жеткізіп тастады. Ер адамға медициналық көмек қажет болмады, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Негізі бір күн бұрын ШҚО-да дауыл туралы ескерту жарияланған болатын. Сондықтан да құтқарушылар хабарламаға құлақ түріп, сақтық шараларын мұқият сақтауға шақырады.
Ауа райы мен жол жағдайын "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз. Дауыл туралы ескерту кезеңінде үйде болған жөн.