Зайсан ауданындағы кей ауылдарда келесі аптада жарық сөнуі мүмкін
Зайсан аудандық электр желілері мекемесі жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты 31 қазан – 4 қараша аралығында кей ауылдарда жарық сөндірілуі мүмкін екенін ескертті
"БЭСК" АҚ, Зайсан аудандық электр желілері мекемесі жоспарлы жұмыстарды жүргізуіне байланысты төмендегі кестедегі графикке сәйкес электр энергиямен жабдықтауда үзілістер болуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жарық ары кетсе 8-9 сағатқа дейін болмауы мүмкін.
Аудандық электр желілері мекемесі диспетчерлік қызметі телефон номерлері: 8-(723-40)-30-2-72. Жоспардағы өшірулер shygys.kz сайтында жарияланып отырады. Апта ішінде графикте өзгерістер болуы мүмкін. Шұғыл (авариялық және жоспарсыз жөндеу) жұмыстар тәуліктің кез келген уақытында жүргізіледі, - деп хабарлады Зайсан ауданы әкімдігі.