"Қазақстан темір жолы" пойыздағы астыңғы орындар бағасын көтермейтін болды
Компания коммерциялық пойыз билеттеріне сараланған тариф енгізу жобасынан бас тартты
"Жолаушылар тасымалы" АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Кеше ғана ҚТЖ келесі жолаушылар пойыздарында биылғы 1 желтоқсаннан бастап жоғарғы және төменгі орындар әртүрлі бағамен сатылатыны туралы жазған едік:
1. № 111/112 "Алматы – Маңғыстау";
2. № 51/52 "Алматы – Орал";
3. № 105/106 "Алматы-Петропавл";
4. № 71/72 "Астана-Шымкент";
5. № 29/30 "Алматы-Атырау".
Пилоттық жоба 2023 жылғы 28 ақпанға дейін сынақтан өткізіліп, жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайтыны жоспарланған еді.