Таңертеңнен бері зайсандықтар да өртпен арпалысып жатыр
Бүгін таңертең Зайсан ауданындағы Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Мұқашы елді мекенінде далада жинап қойған орама шөптер мен өсімдіктер өртене бастаған
![Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Таңертеңнен бері зайсандықтар да өртпен арпалысып жатыр Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Таңертеңнен бері зайсандықтар да өртпен арпалысып жатыр](/upload/iblock/b6d/64mmboxwm392791zkv870vxvn6wzhzew/imgonline_com_ua_Resize_1VfONttUuxDShw.jpg)
Өрт шамамен 20 га аумаққа жайылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Батыстан 20 м/сек жылдамдықпен жел соғып, жалынды ауыздықтауға кедергі келтіріп тұр.
Зайсан ауданы әкімдігі мәлімдегендей, өртті ауыздықтауға 20 техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылған.
Өрт қатты. Руллон шөптер өртеніп жатыр. Мүмкіндігінше қолы бос ер азаматтар шығып, өрт сөндіруге атсалысып жіберсеңіздер, - дейді ауыл тұрғындарының бірі. - Ертең, тіпті, сатып алатын шөп қалмайын деп тұр.
Айта кетейік, кеше түн ортасында Абай облысындағы Үржар, Жарма, Абай аудандарында, Курчатов қаласында да дала өрті шыққан болатын.