Өрт сөндірушілердің жалақысы өседі
Олардың жалақысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандарының еңбекақысымен теңестіріледі
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен
Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов кешегі өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі өкілінің айтуынша, қазір елімізде өрт сөндірушілер алғашқы жұмыс жылында шамамен 115 мың теңге жалақы алады, ал еңбек өтілі 20 жыл болса, оның жалақысы 200 мың теңгеден асады. Қазір жалақы мәселесін шешу министрліктің күн тәртібінде тұр.