Зайсан ауданында «Бір өзен, бір тағдыр» халықаралық экологиялық акциясы өтті
Зайсан ауданында «Бір өзен, бір тағдыр» халықаралық экологиялық акциясы өтті
Акцияның негізгі мақсаты - үш мемлекетті жалғап жатқан қарт Ертістің жағалауын қоқыстан тазалау.
Зайсан қаласынан бастау алған шараға 100 шақты еріктілер мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары қатысты.
Аталмыш жоба алдағы уақытта Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Алтай, Өскемен, Ұлан, Глубокое, Шемонаиха, Семей, Бесқарағай, Курчатов қалаларында жалғасып, елдің өзге облыстарына да челлендж ретінде жолданбақ.
Бұл акция жас ұрпақты қоршаған ортаға және туған өлкенің табиғи ресурсына ұқыпты қарауға тәрбиелейтіні сөзсіз.