Өскемен
Бұлтты
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Семей
    -15°
  • Алматы
    -7°
  • Риддер
    -16°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Ақтау
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Қарағанды
    -18°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -7°
  • Түркістан
    -2°
  • Орал
    -4°
  • Шымкент
    -5°
$
491.59
-2.26
572.16
+0.38
¥
71.52
-0.01
6.24
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кеңсайлық азамат жолдарды қоқыстан тазартты

Оған ауылдастары да қолдау білдіріп, ерікті түрде көмек көрсеткен

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Кеңсайлық азамат жолдарды қоқыстан тазартты
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

Кеңсай ауылдық округінің тұрғыны Толқын Мұратбай мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясына өз үлесін қосу үшін белсенділік танытты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

10 наурыз күні ерікті Зайсан ауданындағы елді мекен жолдарын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ ол бұл игі шараны Жаңа Конституцияны қолдау аясында қолға алып отыр.

Бұл бастама тек Зайсан өңірімен шектеліп қалмайды. Алдағы уақытта ерікті азамат еліміздің басқа да аймақтарына барып, экологиялық тазалық жұмыстарын жалғастырмақ, - деп хабарлады аудан әкімдігінен. 

Осы сапарда оған Кеңсай ауылының тұрғыны Сетерхан Қабдешқызы көмектесіп, Зайсан қаласының тұрғыны Бекбақыт Әділбек өзінің жеке "ВАЗ" автокөлігімен қосылып, тасымалдау жұмыстарына қолұшын созды.

Мәдениет үйінің өнерпаздары ауданның тазалығы үшін білек сыбана іске кіріскен азаматтарды салтанатты түрде шығарып салды. Өнер иелері еріктілерге әуелетіп ән шырқап, сәттілік тіледі.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Зайсан Таза Қазақстан Экологиялық акция