Ертең ШҚО-да қар жауып, бұрқасын соғады
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша 12 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі

Фото:
Устинка LIVE
Түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
ШҚО ТЖД қолайсыз ауа райы болжамы кезінде халыққа алыс жолға шықпауды ескертеді.
Өскемен қаласында ауа температурасы күндіз -6-8 °C, түнде -18-20 °C.