Зайсан ауданындағы жаңа әуежай жұмысы жазда басталады
ШҚО әкімі Зайсан ауданындағы әуежайдың құрылыс барысын тексеріп қайтты

Облыс әкімінің айтуынша, туристік маусымда, яғни мамыр-маусым айларында жаңа әуежай өз қызметін бастайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Зайсан ауданына жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Сәтбай ауылында салынып жатқан ұшу-қону жолағы бар әуежайдың құрылыс алаңында болды.
Жоба өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
Қазіргі таңда ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағы, жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайтын аэровокзал ғимараты және аэродром кешенінің өзге де нысандары салынып жатыр.
Жаңа әуежай салынса, Қытайдың Үрімші қаласына, Алтай аймағына халықаралық әуе рейстерін және Астана, Алматы мен Өскемен қалаларына ішкі әуе қатынастары ашылмақ.



