Өскемен
малооблачно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +16°
$
537.77
-1.29
622.95
-0.80
¥
75.4
-0.29
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әкімдікте балағат сөз айтқан ауыл әкіміне айыппұл салынды

Зайсан ауданының Шілікті ауылдық округінің әкімі жиналыс барысында бейәдеп сөздер айтқан видеосы әлемжеліге тарап, басы дауға қалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Әкімдікте балағат сөз айтқан ауыл әкіміне айыппұл салынды
Фото:
pexels

Осындан кейін ауыл әкімінің бұл әрекеті сотта қаралды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Зайсан аудандық сотында Шілікті ауылының әкіміне қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

2025 жылғы 6 қазанда сағат 15.00 шамасында лауазымды тұлға әкімдік ғимаратындағы қызметтік кабинетінде, ауыл тұрғындары мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің көзінше, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, бейәдеп сөздер айтқаны анықталды, - деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметі. - Сот процесі барысында азамат Т. өз кінәсін толық мойындап, кездесуге қатысушыларға қатысты бейәдеп сөздер айтқанын жоққа шығармады. Ол жасаған әрекетіне өкінетінін білдіріп, көпшілік алдында кешірім сұрады.

Зайсан аудандық сотының қаулысымен азамат Т. ҚР ӘҚБтК-ның 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →