Өскемен
малооблачно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +16°
$
537.77
-1.29
622.95
-0.80
¥
75.4
-0.29
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұландағы заңсыз алтын қазу жұмыстарын ұйымдастырғандардың бірі - "ЦОН" басшысы

Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұландағы заңсыз алтын қазу жұмыстарын ұйымдастырғандардың бірі - "ЦОН" басшысы
Фото:
pexels

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тергеу барысында "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ директорының орынбасарларының бірі басқа адамдармен бірге кен орнын заңсыз игеруді ұйымдастырғанын анықтады,деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осы мақсатта олар өз бақылауындағы "EastGoldStone" ЖШС тіркеп, пайдаланған.

Алтын өндіру жұмыстары екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, өзеннің табиғи арнасына араласу арқылы жүргізілген. Атқарылған заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал 300 млн теңгеден асты, - деп мәлімдеді ҚМА ШҚО бойынша департаменті. - Тінту барысында жалпы құны 382 млн теңге болатын 6,7 кг алтын, 10 млн теңге және 56 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша тәркіленді. Бұл қаражатқа сот санкциясымен бұғаттау қойылды.

Тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Следующая →