Өскемен
пасмурно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +16°
$
547.57
642.63
¥
76.92
6.68
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шіліктідегі "Алтын адам" табылған жерге белгітас орнатылды

2003 жылы Зайсан ауданы Шілікті жазығындағы сақ патшалары обаларының бірінен сегізінші ғасырда өмір сүрген "Алтын адам" және өзге де жәдігерлер табылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Шіліктідегі "Алтын адам" табылған жерге белгітас орнатылды
Фото:
Устинка LIVE

Қанша жыл бұрын айтылған аспан асты музейі әлі салынбаса да, күні кеше ұлы сақ патшасына арналған белгітас орнатылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Белгітас ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен және "Қас-Сақ" халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен орнатылған.

Осыған орай ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, қатысушылар Шілікті өңірінен табылған сақ жәдігерлерінің өркениеттік орны туралы пікір алмасты. "Бейбітшілік және келісім" шеруі өтіп, көпшілік назарына "Ұлы сақтар өркениетінің ошағы – Шілікті" көрмесі ұсынылды. Бабалар рухына арнап ас беріліп, айтыскер ақындардың өнер сайысы мен этнофестиваль көрерменге рухани әсер сыйлады.

Айта кеткен жөн, шығыстағы шежіреге толы Шілікті жазығында құпия сыр бүккен мыңнан астам көне қорғандар мен обалар бар, тек көзге көрініп тұрғанының өзі 250-ден астам. Шілікті қорымдарын зерттеу жұмыстары патшалық Ресей кезінен бастап жүргізіле бастаған. Ал тәуелсіздік алған соң тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев бастаған археологиялық экспедициясы еліміздегі үшінші "Алтын адамды" тапқан. Обадан барлығы 4303 дана алтын зат шыққан. 

Следующая →