ШҚО-да пайдаланылмай жатқан 343,3 мың га жер мемлекетке қайтарылды
2022 жылдан бастап пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 9 айында 94,3 мың га жер қайтарылуы керек болса, мемлекетке оның тек 80,3 мың гектары қайтарылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жоспары бойынша 2025 жылы 120 мың га қайтарылуы керек. ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы бүгінгі таңда жоспар 67%-ға орындалғанын айтады.
Мемлекетке 80,3 мың га қайтарылды, оның ішінде:
- қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен 79,9 мың га (99%) жерді ерікті түрде қайтару және жалдау мерзімінің аяқталуы есебінен;
- ШҚО Жер ресурстарын басқару департаментімен жүргізілген мемлекеттік бақылау есебінен 0,4 мың га (1%).
2025 жылдың 9 айына қайтару жоспары 94,3 мың га құрады, 85%-ға орындалды (80,3 мың га қайтарылды), - деді басқарма басшысы Надежда Михейлис. - Жылдың өткен кезеңінде жоспарды орындаудың төмен көрсеткіштері мына аудандарда: Самар ауданы – 10% (1,4 мың га); Марқакөл ауданы – 33% (4 мың га). Ал Алтай және Глубокое аудандары жылдық көрсеткіштерге мерзімінен бұрын қол жеткізгенін атап өткім келеді. Жалпы облыста жерді қайтару бойынша оң динамика байқалады, алайда жоспарлы көрсеткіштерден артта қалуға жол берген аудандар осы бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет.
ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты 2024 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жер учаскелері халыққа берілмейді, жайылымдарды халық Жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларға сәйкес пайдалана алады.Жоспарлардың болмауы халықтың малын бейберекет және заңсыз жаюына әкеп соғады. Сонымен қатар, жайылым айналымын сақтамау жердің деградациясына алып келеді.
Жоспарларды әзірлеу жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, олардың тозуын болдырмау, жемшөп базасын қолдау және ҚР заңнамасының талаптарын сақтау үшін міндетті шарт болып табылады, - дейді басқарма басшысы. – Шілде айында Тарбағатай ауданының, Самар ауданының және Риддер қаласының әкімдеріне жоспарларды әзірлеу үшін қаржы бөлу тапсырылды. Алайда бүгінгі таңда Риддер қаласында ғана қаржы бөлінді, Тарбағатай ауданы мен Самар ауданының әкімдері тапсырманы орындамады.
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 8 қыркүйектегі жолдауында 2026 жылдың ортасына дейін барлық қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін тұрақты айналымға тартуды тапсырды. Бұл шара жайылым тапшылығы мәселесін де шешуге мүмкіндік береді.
Облыс бойынша қайтарылған жерлерден (423,6 мың га) ауыл шаруашылығы айналымына 70,6 мың га (17%) тартылды, оның ішінде 40,4 мың га халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін берілді, 30,2 мың га агроқұрылымдарға конкурстық негізде берілді, – дейді ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис. - Осыған байланысты қалалар мен аудандардың әкімдері 2026 жылғы 1 маусымға дейін пайдалануға жарамды барлық қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тартуы қажет.