Зайсан ауданында жаңа шекара бекеті ашылды
"Көктекше" шекара бөлімшесінде жаңа "Шаған-Оба" шекара бекеті пайдалануға берілді

Бұл нысан – Қазақстанның шығыс қақпасындағы мемлекеттік шекараның сенімді қорғалуына бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жаңадан тұрғызылған бекетте шекара қызметшілерінің кәсіби міндетін ойдағыдай орындауына барынша қолайлы жағдай жасалған. Спорт қалашығы, көлік тұрағы мен қызметтік орындар жаңғыртылды.
"Көктекше" шекара бөлімшесі 1965 жылы құрылған. Ол теңіз деңгейінен 1760 метр биіктікте, Сауыр тауының бөктері мен Шаған-Оба өзенінің маңында орналасқан. Географиялық ерекшелігіне қарай бұл өңір – ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызы зор аумақ саналады.
Жаңа "Шаған-Оба" бекетінің ашылуы – шекара қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, мемлекеттік шекара күзетінің сапасын арттыратын маңызды қадам.