Зайсанда 30 отбасыға баспана кілттері табысталды
Бұл баспаналар көпбалалы отбасыларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ бюджеттік сала қызметкерлеріне табысталды

Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осы мақсатта қолға алынған жобалар ел ішінде әлеуметтік әділеттілікті күшейтуге, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Зайсанда бой көтерген бұл тұрғын үй де осы бастамалардың жарқын көрінісі.
Салтанатты рәсімге қатысқан аудан басшылығы жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтап, игілік пен береке тіледі. Әкімдіктің мәлімдеуінше, мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасады.