Өскемендегі балалар жұқпалы аурулары бөлімшесі жаңа ғимаратқа көшіріледі
Ана мен бала орталығының Серікбаев көшесі, 1-3 мекенжайындағы бұл бөлімшесі келесі жылы ЖМК ауданына көшіріледі

Өйткені жергілікті тұрғындар қазіргі ғимараттың ескіргеніне, орын жетіспейтініне жиі шағымданады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
⠀Қазіргі таңда Серікбаева көшесі, 1/3 мекенжайында орналасқан жұқпалы аурулар бөлімін келесі жылы кең әрі заманауи ғимаратқа – қазіргі уақытта Өтеповадағы перзентхана орналасқан төрт қабатты ғимаратқа көшіру жоспарлануда, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар. – Алдағы уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау басталады. Жөндеу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталады.
Жақсылық Мұқашұлы атап өткендей, балалардағы жұқпалы ауруларды емдейтін бөлімше орналасқан қазіргі ғимарат ескірген, заманауи талаптарға сай келмейді. Күн суытып, ауру үдегенде балаларды жатқызатын орын болмай қалады. Дәрігерлер мен балаларға кең әрі жайлы, қауіпсіз әрі заманауи ғимарат қажет.
⠀Бөлімше жаңа ғимаратқа көшірілгеннен кейін барлық балалар бөлімшелері бір жерге шоғырланады, бұл ата-аналар үшін де ыңғайлы. Кең ғимаратта палаталар саны да көбейеді, бұл тиімді ем-дом жүргізу үшін маңызды, - деді облыс әкімінің орынбасары.