Қара Ертіске ағып кеткен үш азаматтың денесі табылды
Сенбі күні Марқакөл ауданындағы Боран ауылынан шамамен 5 шақырым жерде орналасқан Қара Ертіс өзенінде үш адам суға батып кетті

Үш азаматтың мәйіті кеше табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, суға шомылуға тыйым салынған жерде 2007 жылғы суға батқан жасөспірімді құтқаруға әрекет жасаған 1991 және 1992 жылғы екі ересек азамат онымен бірге ағысқа қарсы тұра алмай, суға кеткен. Үшеуі де Зайсан ауданының тұрғындары.
Үш азаматтың денесі 23 маусым күні судан шығарылды.
Іздеуге Шығыс Қазақстан мен Абай облысының құтқарушылары, полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар мен шекара қызметі қатысты. Барлығы 176 адам, 15 жүзу құралы, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты, су астындағы дрон, 1 эхолот, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.