Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +28°
$
520.39
609.58
¥
72.57
6.63
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да заң қызметкерлері халыққа "Ашық қабылдау" ұйымдастырды

Өңірдің құқық қорғау және уәкілетті органдарының өкілдері халыққа тегін заңгерлік кеңес берді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да заң қызметкерлері халыққа "Ашық қабылдау" ұйымдастырды
Фото:
ШҚО ІСБ ұсынды

Шығыс Қазақстан облысында "Заң мен тәртіп" жалпыұлттық нарративі аясында "Ашық қабылдау" акциясы бастау алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтарға құқықтық көмек көрсету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ өңірдің өзге де құқық қорғау және уәкілетті органдарының өкілдері халық көп шоғырлған жерлерде: сауда-ойын-сауық орталықтарында, парктерде, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ аудан орталықтарында ашық қабылдау жүргізіп, құқықтық кеңес берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаментінің өкілдері азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібін, өтініш беру механизмін түсіндіріп, 1424 бірыңғай байланыс орталығының жұмысы туралы айтып берді. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтар туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып саналады және заңмен қорғалатындығын атап өткен жөн.

Следующая →