Зайсан ауданындағы бір ауылда ұялы байланыс пайда болды
Біржан ауылдық округіне қарасты Ақарал ауылына Beeline базалық станциясы орнатылды

Ауыл тұрғындары алыстағы ағайынмен кез келген уақытта хабарласуға болатынына қуанышты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет басшысының қала мен аудан орталықтарын ғана емес, шалғай ауылдарды да кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Ақарал ауылында Beeline сауда белгісі "Кар-Тел" ЖШС-ның ұялы байланыс базалық станциясы іске қосылды. Мақсат - ауыл тұрғындарын сапалы мобильді байланыспен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету.
Ауыл тұрғындары жаңа базалық станцияның артықшылықтарын бірден сезіне бастағандарын жеткізді.
Бұл ауылда тұрып жатқанымызға 70 жылдан асты. Бұрын байланыс болмады. Ол заманда жай ғана стационарлық телефондар болды, ал ұялы байланыс деген мүлде қолжетімсіз еді. Қазір заман дамыды, жаңа технологиялар ауылға да жетті. Енді алыстағы туған туыстарымызбен емін-еркін сөйлесіп, хал-жағдайын біліп отырамыз. Бұрынғыдай қиналмай, кез келген уақытта хабарласа алатынымызға қуаныштымыз, - дейді ауыл тұрғындары.
Бұл әсіресе, болашаққа үмітпен қарайтын жастарға, кәсіп іздеген еңбеккерлерге және күн сайын халықпен жұмыс істейтін ұстаздар мен дәрігерлерге үлкен мүммкіндік.