Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +26°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +33°
$
518.5
-0.76
601.62
-0.51
¥
72.28
-0.11
6.61
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағай тұрғыны жеңілдікпен несие алып, ауылда қонақ үй ашты

Ауыл тұрғынына кәсіп бастауға "Ауыл аманаты" бағдарламасы арқау болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Катон-Карагай (Катон-Карагайский р-он) / Катонқарағай тұрғыны жеңілдікпен несие алып, ауылда қонақ үй ашты

Бауыржан Уалханов "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында 2,5% жеңілдікпен 8 700 000 теңге несие алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл қаржыға Белқарағай ауылында шағын қонақ үй ашқан. Бүгінде бұл жер ауыл туризміне қызығушылығы бар қонақтарды қарсы алатын жайлы әрі қолжетімді демалыс орнына айналды. Бұл бастамасы арқылы Бауыржан тек жеке табысқа жетіп қана қоймай, ауыл экономикасының жандануына да үлес қосып келеді.

"Ауыл аманаты" – кәсіп бастаймын деген азаматтарға үлкен мүмкіндік. Осындай қолдаудың арқасында мен өз арманымды іске асырып, туған ауылымда туризмді дамытып жатырмын. Бұл бағдарламаның шынайы көмегін көріп отырмыз. Елді мекендерді дамытуға бағытталған мұндай бастамалар көп болса екен, – дейді Бауыржан Уалханов.

"Ауыл аманаты" бағдарламасы – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлік экономиканы әртараптандыруға бағытталған маңызды жоба. 

Следующая →