Зайсанның жас спортшылары енді жарыстарға өз көлігімен барады
Балаларды қорғау күніне орай ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсандағы бұқаралық спортты дамыту клубына "ГАЗель" маркалы микроавтобус табыстады

Бұл клубта балалар мен ересектер жеңіл және ауыр атлетика, теннис, футбол, қазақ күресі және тоғызқұмалақпен шұғылданады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Бұл жай ғана көлік емес, туған өңірін республикалық және халықаралық ареналарда танытып жүрген жас спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер, – деді облыс әкімі.
Клубтың түлектері арасында гір спорты бойынша әлем чемпионы Қуаныш Қыдырпатша мен дзюдодан Қазақстан чемпионы Қарқын Қасиет сынды танымал спортшылар бар.