Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында Айнабұлақ ауылында заманауи жаңа спорт модулінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр
Қазір нысан 40%-ға дайын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Құрылыс алаңында спорт залының металл конструкцияларын орнату, бетондау жұмыстары, әкімшілік-тұрмыстық корпустың сейсмикалық белдеулік қалыптарын орнату және қабырғасын қалау жұмыстары жүріп жатыр. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Спорттық модуль тұрғындардың денсаулығын сақтауға және елді мекенде бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізеді. Кешен екі негізгі бөліктен тұрады - ангар типті спорт залы мен кірпіштен салынған әкімшілік-тұрмыстық блокты жабық галерея жалғайды.
Жоба бойынша мұнда еркін және грек-рим күресі, баскетбол, волейбол өткізіледі.