Айран қаптамасынан алаяқтар туралы ақпарат көруге болады
Интернет-алаяқтар туралы ақпарат енді дүкен сөрелерінде қолжетімді

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер ерекше бастаманы қолға алды – жергілікті "Восток Молоко" корпорациясы шығаратын айран қаптамасына "Алаяқтардан сақ бол" деген жазуы бар арнайы QR-кодтар орналастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кодты сканерлеу арқылы тұтынушылар алаяқтық схемалардан қорғану жолдары, күдікті жағдайлар туындағанда хабарласуға болатын байланыс нөмірлері және облыстық Полиция департаментінің ресми парақшасына өту арқылы қажетті ақпарат алады.
Біздің мақсатымыз – әр отбасыға үн қату. Біз күнделікті тұтынылатын өнімдер арқылы әрекет етудеміз. Бұл – қарапайым, ыңғайлы әрі тиімді тәсіл, – деді ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дархан Камалханов.
Полицейлер барынша барлық қала тұрғындары мен аймақ қонақтарын қамтып, оларды алаяқтардан сақтану жолдары жөнінде ақпараттандыруды көздеп отыр.