Өскемендіктер Аналар күнін атап өтті
Облыс орталығындағы арбатта ШҚО "Jan ana" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.
Ол биыл Қазақстанда алғаш рет атап өтілетін Аналар күніне орайластырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шара барысында қаладағы көпбалалы аналардың біріне баспана кілті табысталды.
Бұл әйелдің қоғамдағы рөлін айқындап, аналардың мәртебесін асыратын мереке. Күнтізбеде мұндай атаулы күннің болғаны көңілге қуаныш ұялатады. Бүгін мерекеге орай қолөнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Осылайша, дәстүр де дәріптеліп жатыр, - дейді ШҚО "Jan ana" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлжамал Қаржауқызы.
Айта кетейік, “Асар-Үме” республикалық қорының көмегімен алты бала тәрбиелеп отырған өскемендік отбасы баспаналы болды.